Ғалымжан Кенжебек Еуропаның атақты клубтарына неге бармағанын түсіндірді

/
Ғалымжан Кенжебек Еуропаның атақты клубтарына неге бармағанын түсіндірді

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек не себепті Еуропа клубтарына ауысудан бас тартқанын айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы ол  AmanVIBE YouTube-арнасына сұхбат берген.

"Мен екі ай демалдым, демалыс кезінде инстаграмға кіріп, өзім туралы көп жарияланымдарды көрдім. Бірақ ол жерде аталған командалардың ешқайсысы маған нақты ұсыныс жасаған жоқ. Егер мықты командадан ұсыныс түссе, соны таңдар едім. Шын мәнінде, ондай ұсыныстар болған жоқ. Қалай айтсам болады, менен көп нәрсе күтті", - деді ол.

Сондай-ақ қай клубтардан нақты ұсыныстар түскенін атап өтті.

"Иә. Нақты ұсыныстар расымен болды. «Краковиядан» (Польшаның бес дүркін чемпионы), «Дандиден» (Шотландия чемпионы), «Викториядан» (Чехияның алты дүркін чемпионы) ұсыныс келді. Бірақ біз келісімшарттарды қарастырғанда, кейбір жайттар біздің талаптарымызға сай келмеді — тек ақшаға қатысты емес, мысалы, тіл мәселесі де болды. Мен «Елімайда» ойнап жүріп Қазақстан құрамасына көмектесе алдым, ал РПЛ — бұл трамплин, бұдан да жоғары деңгейге кеткім келеді", - деді футболшы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары