Қанат Шарлапаев жаңа қызметке сайланды

/
Қанат Шарлапаев жаңа қызметке сайланды

Қанат Шарлапаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мұндай шешім бүгін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының XIII Съезінде қабылданды.

Айта кетейік, Қанат Шарлапаев кәсіби мансабын халықаралық қаржы секторында бастаған. 2006 жылдан 2015 жылға дейін Ұлыбритания мен Чехиядағы Citi Investment Bank-тің Лондондағы кеңсесінде жұмыс істеді. Онда қаржы бөлімінің маманынан Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша аймақтық стратегиялық жоспарлау және талдау тобының вице-президенті лауазымына дейін көтерілді.

2022 жылдың ақпан айында Шарлапаев мемлекеттік қызметке ауысты. «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» АҚ басқарма төрағасы әрі директорлар кеңесінің мүшесі болды. Бұған дейін ол Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметін атқарған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары