«Томирис» фильмінде басты рөлді сомдап, танымал болған актриса Альмира Тұрсын екінші сәбиін дүниеге әкелді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол перзентханада түскен суреттерін желіге жүктеді. Сәбиге ерекше есім берген.
«Біздің қызымыз – Айя-Сафия дүниеге келді. Менің арманым, менің дұғам, Құдайдың жауабы мен сыйы. Аллаға шүкір», - деп жазды ол.
Альмираның жұбайы Ақан Сатаев та желіде қуанышымен бөлісті.
«Құдайдың қалауымен қызымыз дүниеге келді. Айя-Сафия, осы әлемге қош келдің, бақытты бол!», - деп жазған ол.