Денсаулыққа пайдалы дәмдеуіштер

/
Денсаулыққа пайдалы дәмдеуіштер
сурет: istockphoto.com

Суық мезгілде ағзаны қолдап, маусымдық аурулардың алдын алу үшін тағамға пайдалы дәмдеуіштерді қосу маңызды. Құрамында антиоксиданттар, дәрумендер мен минералдар бар дәмдеуіштер иммунитетті күшейтіп, суық тию қаупін төмендетеді, деп хабарлайды turkystan.kz kp.ru порталына сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, ең әмбебап әрі пайдалы дәмдеуіштердің бірі – зімбір. Оның құрамында иммунитетке қажет магний, кальций, фосфор, сондай-ақ А, В және С дәрумендері мол. Сонымен қатар зімбір зат алмасуды жақсартып, ағзаның жалпы тонусын арттырады.

Қыс мезгілінде куркуманы да жиі тұтынған жөн. Диетолог бұл дәмдеуіштің негізгі белсенді зат куркуминнің антиоксиданттық қасиеті жоғары екенін атап өтті. Бұған қоса, куркумадағы цинеол ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартып, антисептикалық әсер береді, ал тумерон зиянды бактериялардың көбеюін тежейді.

Маман даршынның да пайдасына тоқталды. Оның құрамындағы циннамаль жеңіл антидепрессант ретінде әсер етіп, мазасыздықты азайтуға көмектеседі. Сондай-ақ даршында мырыш, темір және табиғи антисептик саналатын эвгенол көп.

Кардамон бас сақинасы ұстамаларын жеңілдетуге, асқазан-ішек жолдарының жұмысын және иммунитетті жақсартуға оң әсер етеді. Ал мускат жаңғағы сергітетін және күш-қуат беретін қасиетімен ерекшеленеді. Бұл дәмдеуіш есте сақтау қабілетін күшейтіп, жүйке жүйесіне пайдалы әсер етеді.

Маманның айтуынша, дәмдеуіштерді мөлшермен және тұрақты түрде қолдану қыста ағзаның қорғаныс қабілетін арттыруға көмектеседі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары