Атыраудың түнгі клубында бір адамды жабылып сабағандар ұсталды

/
Атыраудың түнгі клубында бір адамды жабылып сабағандар ұсталды
видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Атыраудағы түнгі клубтардың бірінде болған оқиғаның видеосы тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Желі қолданушыларының жазуынша, оқиға 18 қаңтар күні қаладағы «Зиллон» барында болған. Жарияланған бейнежазбада жанжал мекеменің әжетханасында басталғаны байқалады. Екі ер адам бір жігітке жабылған. Кейін төбелес далада жалғасқан.

«18 қаңтар күні 102 арнасына қаладағы мекемелердің бірінде белгісіз тұлғалардың құқыққа қайшы әрекет жасағаны туралы хабарлама түсті. Полиция қызметкерлері 32 және 33 жастағы екі күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары