Cэм Альтман адам миын ЖИ-мен тікелей байланыстыратын стартапты таныстырды

/
Cэм Альтман адам миын ЖИ-мен тікелей байланыстыратын стартапты таныстырды
cурет: Justin Sullivan / Getty Images

OpenAI басшысы Сэм Альтман адам миын жасанды интеллектпен тікелей байланыстыруды көздейтін жаңа стартапты таныстырды. Жоба аясында миға чип орнатпай-ақ, нейрондық сигналдар арқылы ИИ-мен өзара әрекеттесу мүмкіндігі қарастырылып отыр. Бұл бағытта арнайы зертхана құрылған, қаржыландыру бар және ғалымдар тобы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz TechCrunch-ке сілтеме жасап.

Жобаның негізгі идеясы – адам сұрақты іштей, ой арқылы қояды, ал жасанды интеллект оны арнайы нейроинтерфейстер көмегімен «оқиды». Жауап дәстүрлі мәтін немесе дыбыс түрінде емес, адамның санасында пайда болатын сезімдер, бейнелер немесе ойлар арқылы беріледі.

Әзірлеушілердің айтуынша, технология ми сигналдарын сырттан тіркеп, оларды ЖИ жүйелерімен сәйкестендіруге негізделеді. Бұл әдіс инвазивті емес, яғни хирургиялық араласуды қажет етпейді.

Сарапшылар мұндай бастамалар адамның компьютерлермен және ақпаратпен қарым-қатынасын түбегейлі өзгертуі мүмкін екенін айтады. Алайда жобаның клиникалық сынақтарға қашан өтетіні және нақты қолдану аясы әзірге жарияланған жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары