Qaza airan тілшісі Айдана Мейрамбайқызы Атырау облысы Жангелдин ауданындағы қылмыстық оқиғаға қатысы бар деген күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемәлиевтің әкесінен сұхбат алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Қазір телефонды ашып қаслаңыз, стрелканың бәрін бір жаққа бұрып қойып, менің балама қатысты адамдардың айтпаған сөзі қалмады. "Күйеу баласы жасаған", анау-мынау деп жатыр. Шынымды айтсам мұны Сұлтан жасайды деген үш ұйықтасам түсіме кірмейді. Ол жасамағанына 100% сенемін. "Қой бауыздау білмейтін кісі, соған дәті бармайтын адам мұндайға қалай барады?" деп ойлаймын. Бұл деген кәсіби маняктың жасайтың ісі ғой. Өлтіріп, көміп, ізін жасыру деген... Ол марқұмдарға өшпенді болатын көшедегі кісі емес, туған ата-енесі. Мысалы, қасында әйелі жүр. Осыдан кейін айтылып жатқан әңгімелерге қалай сенесің? Оның үстіне мен оның әкесі болсам. Тіпті төбеден түскендей, айтатын сөз де жоқ", - деді күдіктінің әкесі Самиғолла Сәрсемәліұлы.