«Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарына үміткерлер анықталды

/
«Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарына үміткерлер анықталды
Мәдениет және ақпарат министрлігі

Биыл алғаш рет Qazaqstan Media Awards аясында өткізілетін «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарына үміткерлер анықталды. Іріктеу қорытындысы бойынша қазақстандық журналистер, редакциялар мен шығармашылық ұжымдардың үздік жұмыстары байқаудың қорытынды кезеңіне өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Биыл байқаудың 12 аталымы бойынша 600-ден астам журналист өтінім берді. Телевизия, баспасөз, интернет және радио салаларындағы журналистік жұмыстар ұсынылды. Заманауи медиатехнологиялар мен жаңа форматтарға ерекше назар аударылды. Алғаш рет «Журналистиканың болашағы: жасанды интеллект саласындағы үздік жоба» аталымы енгізілді.

 «Үркер» ұлттық сыйлығына үміткерлер

«Жылдың үздік журналисі»:

Жанар Сердалина – Bestnews.kz

Оксана Даирова – Zakon.kz

Марлан Жиенбай – ҚазАқпарат

Дәурен Ерболатов – Kursiv.media

«Үздік радиожоба»:

«Jibek Joly» радиосы – «Жизнь. Рестарт»

ORDA FM – «Заң мен тәртіп»

Қазақ радиосы – «Ойтұма» бағдарламасы

«Halyq radiosy» (Павлодар облысы) – «Сұхбат»

«Журналистиканың болашағы: жасанды интеллект саласындағы үздік жоба»:

Altainews Media Centre – «AI-ЖАН»

«Jibek Joly» радиосы – «Нейро-Live»

Pavlodarnews.kz – «ЖИ.бек»

Alqa-media – «Ертең»

«Үздік медиажоба» (YouTube, подкаст):

Kursiv Media – Kursiv

El.kz – ElSport

Tengrinews – Tengri TV

Atameken Business – Insports

«Жылдың үздік материалы»:

Надия Тухватуллина – BES.media – «Африканские барабаны и казахская домбра – как Наурыз в Казахстане объединяет разные культуры»

Қалиакбар Ағылан – «Астана ақшамы» газеті – «Реформа санадан басталады»

Арман Коржумбаев – «Деловой Казахстан» газеті – «Возвращение легенды: туранский тигр вновь ступает по казахстанской земле»

Мирамгүл Рахатқызы – «Ақтөбе» газеті – «Жасанды интеллект: адамзат жаңа дәуірге аяқ басты»

«Үздік талдамалық материал»:

Лаура Тусупбекова – «Казахстанская правда» газеті – «Моя ДНК – наше богатство»

Алтынай Сағындықова – ҚазАқпарат – «Қымыз іштім: Жүргізуші куәлігінен айырылғандардың уәжі орынды ма»

Рабига Дюсенгулова – Tengrinews.kz – «Во сколько один казахстанец обходится государству»

Айхан Шарипов – «Айқын» республикалық газеті – «Бейбітшілік дипломатиясының беделі биік»

«Тұмар» ұлттық сыйлығына үміткерлер

«Үздік тележүргізуші»:

Ерлан Сенкебаев – КТК

Гульнара Жандагулова – 24KZ

Лимара Салих – 31-арна

Вероника Вишневская – «Еуразия» бірінші арнасы

«Үздік деректі жоба»:

Euronews Kazakhstan – «Спустя 200 лет в Казахстан вернулись дикие лошади керкуланы»

24KZ – «4739» (ағзаларды трансплантациялау туралы)

«Еуразия» бірінші арнасы – «Арал: қайта оралған үміт»

Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені – «Тамшы»

«Үздік телевизиялық материал»:

Qazaqstan – «Қарқынды құрылыс»

«Еуразия» бірінші арнасы – «Автомектеп: қауіпсіз жолға бастар алғашқы қадам»

Atameken Business – «Уақытпен жарысқандар»

Turkistan TV – «Жетімдер үйіндегі жалғыз ананың тағдыры»

«Үздік әлеуметтік жоба» («Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан»):

Jibek Joly – «Правда в деталях»

Almaty TV – «Архитектор»

Qonaev TV – «Таза мекен»

Atameken Business – «AntiFake»

«Үздік телехикая»:

31-арна – «ТОР»

Астана TV – «Ауыл бапкері»

КТК – «Молчание»

НТК – «105»

«Үздік ақпараттық-талдамалық бағдарлама»:

«Qyzyljar» Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы – «112 Солтүстік»

Almaty TV – «Әділдік алаңы»

7-арна – «Новости»

КТК – «Вечерние новости»

Мерейтойлық ұлттық сыйлықтардың жеңімпаздары тәуелсіз қазылар алқасының шешімімен анықталады. Қазылар алқасының құрамына белгілі журналистер, медиа саласының қайраткерлері мен сарапшылары енген.

Жеңімпаздардың есімдері 2026 жылғы 16 қазанда белгілі болады. Марапаттау рәсімі Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.

Айта кетейік, «Үркер» және «Тұмар» ұлттық сыйлықтары 2017 жылы талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды қолдау, олардың отандық журналистиканы дамытуға қосқан үлесін бағалау мақсатында тағайындалған. Сыйлықтар телевизия, баспасөз, радио және интернет журналистикасындағы жетістіктер үшін беріледі.

Байқау Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары