2025 жылы 48 мың адамға психологиялық көмек көрсетілді

/
2025 жылы 48 мың адамға психологиялық көмек көрсетілді
istockphoto.com

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің 20 өңірінде халыққа кәсіби психологиялық және әдістемелік көмек көрсететін Психологиялық қолдау орталықтары жұмыс істейді, деп хабарлайды turkystan.kz.

2025 жылдың қорытындысы бойынша орталық мамандары 48 019 жеке психологиялық кеңес өткізді. Оның ішінде 23 885 кәмелетке толмаған балаға, 14 898 ата-анаға, 9 236 педагогке кеңес берілді.

Бұл көрсеткіштер психологиялық саулық және дағдарыс жағдайларының алдын алу мәселелеріне қоғамның ерекше көңіл бөліп отырғанын көрсетеді. Жыл бойы еліміздің барлық өңірінде 40 мыңнан астам профилактикалық және ағартушылық іс-шара ұйымдастырылды. Олар балалар мен жасөспірімдердің қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және психологиялық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған.

Бүгінгі таңда еліміздің білім беру ұйымдарында оқушылар мен олардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін 9 мыңнан астам маман жұмыс істейді. Бұдан бөлек, күн сайын азаматтардың өтініштерін қабылдайтын «111» бірыңай байланыс орталығы арқылы көмек алуға болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары