Қалай жатып ұйықтауға болмайды? – дәрігердің ескертуі

/
Қалай жатып ұйықтауға болмайды? – дәрігердің ескертуі
сурет: istockphoto.com

АҚШ-тың психиатр-дәрігері әрі ұйқы маманы Шелби Харрис  адамның қалай ұйықтап жатқаны денсаулығы мен жалпы көңіл күйіне тікелей әсер ететінін айтты. Оның сөзінше, дұрыс тжатпау ауырсынуға, қорылға, асқазан қышқылының кері ағуына (рефлюкс) және тіпті психикалық жай-күйдің бұзылуына әкелуі мүмкін. Бұл туралы New York Post басылымына сілтеме жасап turkystan.kz хабарлайды.

Маман ең қауіпті жатыстың бірі – қол мен аяқты ішке қарай бүгіп жату немесе қолды жастықтың астына салып ұйықтау екенін атап өтті. Мұндай жағдайда жүйкелерге түсетін қысым артып, қол-аяқтың ұюына әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ шалқадан жатып ұйықтау да барлық адам үшін қолайлы емес. Харристің айтуынша, бұлай жату қатты қорылдауға және рефлюкстің пайда болуына себеп болуы ықтимал.

Ал етпетінен ұйықтау омыртқаға ерекше салмақ түсіреді. Себебі адам бұл қалыпта міндетті түрде басын бір жаққа бұрып жатады, бұл мойын мен иық аймағында ауырсыну туғызады.

Ең оңтайлы нұсқа ретінде дәрігер қырынан жатуды ұсынады. Бұл кезде тізені сәл бүгіп, аяқтың арасына жастық қойған жөн. Мұндай тәсіл омыртқа, жамбас және сан сүйектерін бір сызыққа келтіріп, арқаға түсетін жүктемені азайтады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары