Атырауда көпқабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде 2 адам құтқарылды

/
Атырауда көпқабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде 2 адам құтқарылды

Махамбет Өтемісұлы көшесінде орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, оттың таралуына жол бермей, баспалдақ арқылы екі адамды құтқарып қалды.

Өрт 6 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

ТЖМ азаматтарды тұрмыста өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары