2011 жылы туған жасөспірім 30 желтоқсан күні Есенов көшесіндегі үйінен шығып, телефонын жөндету үшін ЦУМ бағытына кеткен, алайда үйіне қайта оралмаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алматы қалалық полиция департаменті кәмелетке толмаған баланың жоғалу фактісі бойынша іздестіру ісі қозғалғанын хабарлаған болатын.
«Қоғам» еріктілер жасағының хабарлауынша, жасөспірім 5 қаңтар күні кешке Жетісу аудандық полиция басқармасының ОКП қызметкерлері мен Алматы қалалық полиция департаменті, еріктілер жасағы, сондай-ақ туыстарының бірлескен іздестіру жұмыстары нәтижесінде табылған.
«Қоғам» жасағы полиция қызметкерлеріне жеделдігі мен кәсібилігі үшін, еріктілерге – жанашырлығы, белсенді қатысуы мен қолдауы үшін, сондай-ақ бейжай қалмаған әрбір адамға шынайы алғысын білдіреді», – делінген хабарламада.
Оқиғаға қатысты өзге мәліметтер жарияланған жоқ.