Бибісара Асаубаева әлемдегі үздік үш шахматшының қатарына қосылды

/
Бибісара Асаубаева әлемдегі үздік үш шахматшының қатарына қосылды

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блиц санатында FIDE рейтингіндегі ұпайын арттырып, үздік үштікке көтерілді., деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлемдік біріншіліктегі сәтті өнерінен кейін ол бірден бірнеше орын жоғарылап, үшінші позицияға орнықты. Қазір бұл рейтингте қытайлық Хоу Ифань алда келеді, ал екінші орынға Цзюй Вэньцзюнь жайғасқан.

Бибісара үшін бұл — блиц бойынша әлем чемпионы атағын тағы бір мәрте растаған жетістік. Бұған дейін де ол осы форматта 2021 және 2022 жылдары жеңіс тұғырынан көрінген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары