Алматыда 14 жастағы оқушы бір аптадан бері іздестіріліп жатыр

/
Алматыда 14 жастағы оқушы бір аптадан бері іздестіріліп жатыр
Фото: instagram / kogam_almaty

Алматыда 30 желтоқсаннан бері 14 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тигран Шибаев Есенов көшесіндегі үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, осы уақытқа дейін қайтып оралмаған.

Белгілері: жоғалған күні үстінде қара күртеше, джинсы шалбар және ақ футболка болған, аяғында қою көк түсті кроссовка киген.

Іздеу жұмыстарына Алматы қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылған. Полицияның хабарлауынша, жасөспірім бұған дейін де үйінен кетіп қалған.

Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған баланың жүрген жерін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары