Доналд Трамп Венесуэла президенті Мадуро мен оның әйелі ұсталып, Венесуэладан шығарылғанын мәлімдеді.
Трамп Америка Құрама Штаттары Венесуэлаға және оның басшысы Николас Мадуроға қарсы ауқымды операцияны сәтті жүргізгенін мәлімдеді.
"Президент Николас Мадуро мен оның әйелі тұтқынға алынып, елден шығарылды. Бұл операция АҚШ-тың құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілді", - деді Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде жарияланған мәлімдемесінде.
Ол толық ақпарат бүгін Мар-а-Лагода өтетін пресс-конференцияда айтылатынын жариялады.