Financial Times басылымы 2026 жылға болжамын жариялады

/
Financial Times басылымы 2026 жылға болжамын жариялады
сурет: istockphoto.com

Financial Times газеті 31 желтоқсанда 2026 жылға дәстүрлі болжамын жариялады. Басылымның ортақ түйіні – алдағы жыл әлем үшін одан әрі болжап болмайтын кезеңге айналады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Саясат пен геосаясат

Дональд Трамп 2026 жылдың соңына қарай нарықтардың, инфляцияның және сауда серіктестерінің қысымымен ең қатаң тарифтік қоқан-лоққыларынан бас тартуы мүмкін. Украина Донбастан тек әскери күйреу жағдайында ғана бас тартуы ықтимал. АҚШ-та демократтар Өкілдер палатасына бақылауды қайта алып, Трамптың бастамаларын тежеуге және тергеулер бастауға мүмкіндік алады. Сауд Арабиясы Израильмен қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге бара қоймайды. Германия ультраоңшыл AfD партиясына қатысты «санитарлық кордонды» сақтап қалады

Экономика және қаржы

Көптеген орталық банктер пайыздық мөлшерлемелерді төмендетуді жалғастырады, Жапониядан басқа. Қытай юані рекордтық сауда профицитіне қарамастан айтарлықтай нығаймайды. Жеке кредит беру секторында дефолттар көбейеді, бірақ жүйелік қаржы дағдарысына ұласпайды. Алтынның бір унциясы 5 мың доллардан асуы мүмкін. Африканың экономикалық өсімі алғаш рет Азиядан сәл жоғары болуы ықтимал.

Технология

Жасанды интеллект саласындағы «қызып кету» бәсеңдей бастайды: ірі техкомпаниялар орнықты қалса, венчурлық және шағын ойыншылар шығынға ұшырайды. 2026 жылы коммерциялық тұрғыда тиімді кванттық компьютер пайда болуы екіталай. Гуманоид роботтар нарыққа шығады, бірақ қымбат әрі ниша өнімі болып қалады. Толығымен жасанды интеллект жасаған ән әлемдік чарттардың көшін бастай алмайды. Tesla АҚШ, Еуропа және Қытайдағы жоғалтқан позицияларын қайтара алмайды. Илон Маск негізгі назарды электромобильдерден гөрі ИИ мен роботакси бағыттарына аударады.

Редакция өткен жылғы болжамдардың рекордтық деңгейде дәл келмегенін де мойындайды: 2025 жылға жасалған 20 болжамның жетеуі орындалмаған. Бұл – жоба тарихындағы ең нашар нәтиже. Financial Times мұны қазіргі әлемді болжаудың қаншалықты қиын екенін көрсететін айқын белгі деп бағалайды.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары