Cөйлеудегі кідірістер мен толқу, қобалжу адамның білімді болып көрінуіне кері әсер ететінін көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz сognitive Science журналында жарияланған зерттеуге сілтеме жасап.
«Іім», «ыыы» сияқты кідірістер мен өзін-өзі түзету сөйлеп тұрған адамды аз білетін адам ретінде көрсетеді.
Ал қол қимылдары бұл әсерді жұмсарта алмайды. Ғалымдар екі эксперимент жүргізіп, ым-ишарамен сөйлейтін және сөйлемейтін сөйлеушілерді салыстырған.
Нәтижесінде, қанша жерден сенімді қимыл жасаса да, сөйлеуі кідірісті адам білімді болып көрінбейтіні анықталды.
Зерттеушілердің айтуынша, тыңдаушы санасында «өзгенің қаншалықты білетінін сезіну» деген механизм бар. Ол ең алдымен сөйлеудің ағынына назар аударады. Сондықтан көпшілік алдында сөйлегенде негізгі кеңес біреу: ойды анық, кідіріссіз жеткізу. Қол қимылы көмектесуі мүмкін, бірақ «Іім», «ыыы»-мен күресе алмайды.