Білікті бапкер Ким Сергей Алексеевич дүние салды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан таеквондо (WT) федерациясы марқұмның қайтыс болуына байланысты оның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.
«Қазақстан таеквондо спортына көптеген талантты спортшыларды тәрбиелеп шығарған, 1994 жылдан бастап Қазақстан таеквондосы үшін аянбай қызмет еткен білікті бапкердің қайғысы қабырғамызды қайыстырды. Марқұмның жарқын бейнесі, сіңірген еңбегі мен спортқа қосқан үлесі жадымызда мәңгі сақталады», - делінген федерацияның хабарламасында.