Конго Демократиялық Республикасында 800 жолаушысы бар кеме суға батты

/
Конго Демократиялық Республикасында 800 жолаушысы бар кеме суға батты

Конго Демократиялық Республикасы аумағында 800-ден астам жолаушысы бар кеме апатқа ұшырады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бірнеше ондаған адам қаза тапты, 50-ден астамы із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Бұл туралы Actualité порталы Қызыл Кресттің Конго бөлімшесінің деректеріне сілтеме жасап мәлімдеген.

Қайғылы оқиға Конго өзені бойында, Экваториал провинциясы аумағында болған. Биліктің мәліметінше, апатқа кеменің шамадан тыс жүктелуі және қауіпсіздік ережелерінің басқа да бұзылуы себеп болған. Зардап шеккендердің нақты саны әлі анықталуда.

Оқиға орны — Экунде елді мекенінің маңында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оған теңіз күштерінің бөлімшелері де қатысуда.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары