Ресей азаматы коронавируспен 2 жыл бойы ауырған

/
Ресей азаматы коронавируспен 2 жыл бойы ауырған
сурет: istockphoto.com

Ресейдің Калуга облысының тұрғыны екі жыл бойы COVID-19 вирусымен ауырғанымен, ешкімге ауру жұқтырмаған, деп хабарлайды turkystan.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Сарапшының айтуынша, бұл оқиға әлемде ең ұзақ созылған COVID-19 жағдайларының бірі болып саналады.

«Науқасымыз екі жылда ешкімге ештеңе жұқтырмады. Бұл, ең алдымен, науқас ішіндегі табиғи іріктеу мен адамнан адамға берілу кезіндегі іріктеудің әртүрлілігінен болуы мүмкін», деді Клинк.

Зерттеу барысында вирус науқас ағзасында екі жыл бойы мутацияланып, эволюцияға ұшырағаны анықталды. Кейбір мутациялар омикрон штамымен сәйкес келетін қасиеттерге ие болған.

Бұл оқиға туралы ғылыми мақалалар қараша айында Frontiers in Cellular and Infection Microbiology журналында жарияланды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары