Әлеуметтік саладағы маңызды нысандар пайдалануға берілді – Маңғыстау облысының әкімі

/
Әлеуметтік саладағы маңызды нысандар пайдалануға берілді – Маңғыстау облысының әкімі

Маңғыстау облысында білім беру инфрақұрылымы кезең-кезеңімен дамып келеді. Биыл 14 мектептің құрылысы және 2 мектепке қосымша ғимарат салынып, пайдалануға берілді.

Нәтижесінде, өткен оқу жылында үш ауысымда оқитын 10 мектеп болса, биыл олардың саны 3 мектепке дейін қысқарды, деді өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай. Денсаулық сақтау саласында Мұнайлы ауданында 150 төсек орындық жаңа аурухана салынып, іске қосылды. Сонымен қатар, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 3 нысан пайдалануға беріліп, позитронды-эмиссиялық томография (ПЭТ) орталығы ашылды. 

«Келесі жылы орталықта 2 мыңнан астам зерттеу жүргізу жоспарланып отыр, сондай-ақ көрші облыстардың тұрғындарын қабылдау мүмкіндігі бар», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, спорт саласында соңғы екі жылда 9 мемлекеттік мекеме құрылды. Биыл 14 спорт нысанына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары