Каспий теңізінде магнитудасы 5 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер асты дүмпулері Астана уақытымен сағат 09:32-де тіркелген. Жер сілкінісінің эпицентрі Түрікменстанның Түрікменбашы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 132 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің ошағы шамамен 43 шақырым тереңдікте болған. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.