Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 515,02 теңгені құрады, бұл алдыңғы көрсеткіштен 2,55 теңгеге төмен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 22 желтоқсандағы ресми доллар бағамы — 517,66 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды орташа 515,82 теңгеден сатып алып, 517,73 теңгеден сатуда.
Астанада айырбастау пункттерінде долларды орташа 513,41 теңгеден сатып алып, 520,41 теңгеден сатуда.
Шымкент қаласында долларды орташа 515,48 теңгеден сатып алып, 517,52 теңгеден сатуда.
Еске салайық, күндізгі сауда қорытындысы бойынша:
8 желтоқсанда доллардың орташа өлшенген бағамы 3,69 теңгеге өсті,
9 желтоқсанда — 5,53 теңгеге өсті,
10 желтоқсанда — 3,5 теңгеге өсті,
11 желтоқсанда — 1,74 теңгеге өсті,
12 желтоқсанда — 2,16 теңгеге өсті,
15 желтоқсанда — 2,63 теңгеге төмендеді,
17 желтоқсанда — 4,5 теңгеге төмендеді,
18 желтоқсанда — 0,77 теңгеге төмендеді,
19 желтоқсанда — 3,54 теңгеге өсті.