Португалия құрамасының және саудиялық «Әл-Насыр» клубының капитаны Криштиану Роналду әйгілі «Форсаж» фильмінің жаңа бөліміне түседі, , деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы аталған туындыда басты рөл ойнайты актер Вин Дизель әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
«Барлығы оның «Форсаж» фильмінде түсетінін сұрап жатыр. Айта кету керек, ол – расында мықты тұлға. Біз оған арнап рөл жаздық», – деп жазды Дизель әлеуметтік желіде өзінің Роналдумен бірге түскен суретін жариялап.
Еске сала кетейік, «Форсаж» франшизасының 11-бөлімі 2026 жылы шығатыны туралы хабарланған-тын.