Атырау облысында жол жабылды

/
Атырау облысында жол жабылды
istockphoto.com

Атырау облысында көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«2025 жылғы 18 желтоқсан сағат 13:00-де ауа райының қолайсыздығына байланысты «Атырау - Орал - РФ шекарасы» автожолының 67-189 шақырым аралығында (Махамбет ауылынан БҚО шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды», - делінген хабарламада.

2025 жылғы 18 желтоқсан сағат 17:00-де жолды ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары