Аустралия үкіметі кәмелетке толмағандарды цифрлық тәуелділіктен қорғау мақсатында қатаң шешім қабылдап, 16 жасқа толмаған балаларға балаларға барлық ірі әлеуметтік желіге кіруге толық тыйым салды. Енді TikTok, YouTube, Reddit, Twitch, X және өзге де платформалар жасөспірімдерге аккаунт аштырмауы тиіс, деп хабарлайды turkystan.kz reuters.com-ға сілтеме жасап.
Міндет орындалмаса, компаниялар 33 млн доллар көлемінде айыппұл төлейді, бұл елдегі ең қатаң цифрлық санкциялардың бірі.
Алайда шектеу енгізілген күннің өзінде аустралиялық жасөспірімдер тосқауылдың әлсіз тұсын тауып үлгерді. 10-12 жастағы балалар жасанды интеллект арқылы жасқа сәйкестікті тексеретін селфи-верификацияны айналып өтудің қарапайым тәсілін қолдануда: камераға тісі көрінбейтін етіп бет құбылту, әжім қосу немесе үлкен ағалары мен әпкелерінің фотосын көрсету.
Бұл жағдай шектеулердің тиімділігі жөнінде сұрақ туғызады. Үкімет қатаң саясатты цифрлық қауіпсіздікті күшейтудің бір бөлігі деп түсіндірсе, сарапшылар балалардың технологиялық бейімделгіштігі реттеушілерден жылдам екенін айтады.
Алдағы айларда Аустралия осындай жасанды айналып өту тәсілдерін тежей алатын жаңа цифрлық идентификация механизмдерін ұсынуы мүмкін.