Джони Депп Михаил Булгаковтың «Майталман шебер мен Маргарита» романын ағылшын тілінде алғаш рет экранға шығаратын жобаны қолға алды. Variety дерегінше, бұл жолғы ақпарат әзіл емес, нақты жоспарланған жоба. Депп фильмнің продюсері әрі басты рөлге үміткерлердің бірі, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жоба Сауд Арабиясындағы Red Sea Film Festival аясында таныстырылды. Депп өз командасы IN.2 Film арқылы «Jeanne du Barry» фильмінде бірге жұмыс істеген продюсер Светлана Дали және Грейс Лоумен тандемде жұмыс істейді. Сондай-ақ продюсерлік құрамға Стивен Дьютерс пен Стивен Малит кіреді. Фильмге режиссер әлі бекітілмеген.
Red Sea Fund 2023 жылы Депптің «Jeanne du Barry» картинасына ішінара қаржы бөлген, бірақ бұл жолы жаңа жобаның қаржыландыруына қатыспайды. «Майталман шебер мен Маргарита» фильмінің түсірілімі 2026 жылдың соңында басталмақ.
Аудиториясы кең, әдеби мұрасы күрделі бұл романның ағылшын тілді адаптациясы Голливуд үшін сирек қадам. Депптің продюсерлік амбициясы мен фестивальдік нарықтың қызығушылығы бұл жобаны коммерциялық тәуекелден гөрі мәдени эксперимент деңгейіне көтеріп отыр: әлемдік аудиторияға орыс классикасын жаңа көзқараспен ұсынуға талпыныс.