Қызылорда мен Ақтөбе облыстарында көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«2025 жылғы 11 желтоқсан сағат 13:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады:
Қызылорда облысы:
- «РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1806 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы - Қызылорда қ.).
Ақтөбе облысы:
- «РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы» автожолының 1153-1240 шақырым аралығы (Ырғыз ауылы - Қызылорда облысының шекарасы)», - делінген «ҚазАвтоЖол» компаниясының хабарламасында.
Жолды 2025 жылғы 12 желтоқсан сағат 05:00-де ашу жоспарланған.