Ауа-райының бұзылуына байланысты Жетісу облысында көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«2025 жылғы 10 желтоқсан сағат 16:30-да «Қызылағаш – Жансүгіров» автожолының Қызылағаш ауылы маңындағы қозғалыс шектелген бөлігінде автокөлік құралдарының көп шоғырлануына байланысты «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 275-323 шақырым аралығындағы учаскесінде (Талдықорған қаласы – Қызылағаш ауылы) жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді», - делінген «ҚазАвтоЖол» компаниясының хабарламасында.
Жолды 2025 жылғы 11 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.