Қасым-Жомарт Тоқаев: Алдымызда бизнес бетпе-бет келетін әкімшілік кедергілерді азайту міндеті тұр

Қасым-Жомарт Тоқаев: Алдымызда бизнес бетпе-бет келетін әкімшілік кедергілерді азайту міндеті тұр
Ақорда

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты. Онда Мемлекет басшысы Үкімет пен бизнес-қоғамдықтың үйлесімді әрекет етуін, әсіресе, цифрлық ықпалдастықты күшейту керек екенін баса айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Экономиканы сапалы дамыту үшін реформаларды жалғастыру керек. Ең алдымен, экономиканың тиімділігі мен әлеуетін арттыру – басты мақсат. Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий жарияланды. Бәсекелестік ортаға берілетін 473 нысанның тізімі жасалды. Сарапшылардың есебі бойынша, бұл кәсіпкерлерге шамамен 3,5 триллион теңге пайда табуға мүмкіндік береді. Алдымызда бизнес бетпе-бет келетін әкімшілік кедергілерді азайту міндеті тұр. Бұған дейін заңнаманы түгел тексеріп, оны жетілдіру жөнінде тапсырма берген болатынмын. Ол үшін Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің жанынан Интеллект арқылы реттеу орталығы құрылады, Міндетті талаптар тізімі енгізіледі. Сондықтан Үкімет пен бизнес-қоғамдықтың үйлесімді әрекет етуін, әсіресе, цифрлық ықпалдастықты күшейту керек. Кәсіпкерлер бюрократияның азайғанын сезінуге тиіс, яғни бұл өткеннің еншісінде қалуы керек. Үкімет пен қадағалаушы органдарға осындай міндет жүктеймін. Бағаның еркін нарық талаптарына сай қалыптасуы, мемлекет иелігінен жаппай шығару және икемді реттеу саясаты – экономиканың табысты трансформациясының кепілі», – дейді Президент.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары