Талдықорғанда біреудің үйінен 2 млн теңгенің әшекейін ұрлап кеткендер ұсталды

/
Талдықорғанда біреудің үйінен 2 млн теңгенің әшекейін ұрлап кеткендер ұсталды
polisia.kz

Талдықорғанда пәтер ұрлығына қатысы бар ШҚО тұрғындары қамауға алынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

5 қарашада Талдықорған қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан пәтерінде жасалған өрескел ұрлық туралы арыз түсті. Бөгде адамдар пәтерге кілт іріктеу арқылы кіріп, бағалы әшекейлерді ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығын екі миллион теңгеден асқан.

Арыз түскен сәттен бастап тергеу дереу басталып, полиция қызметкерлері оқиға орнынан барлық деректерді мұқият жинап, оқиғаның толық хронологиясын анықтады. Заттай дәлелдер талданып, қажетті сараптамалар жүргізілді. Тыңғылықты жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде екі апта ішінде күдіктілер анықталды.

Талдықорған және Алматы қалаларының аумағында Шығыс Қазақстан облысынан келген екі азамат қолға түсті. Тергеу барысында олардың жүріп-тұру бағыттары анықталып, басқа пәтер ұрлықтарына байланысы тексеріліп жатыр.

Қазір екі күдікті де қамауға алынып, тергеу амалдары жалғасуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары