«Шылым бермеген»: Ақтөбеде көшедегі адамды пышақтап өлтірген күдікті сотталды

/
«Шылым бермеген»: Ақтөбеде көшедегі адамды пышақтап өлтірген күдікті сотталды
istockphoto.com

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұзақылық ниетпен адам өлтіру фактісі бойынша сотталушы «К»-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жәбірленуші «М» саябақта болған кезде, өтіп бара жатқан сотталушы «К»-дан темекі сұраған.

Сотталушы «К» оған дөрекі жауап қайтарып, екеуінің арасында келіспеушілік пайда болған. Сол кезде, сотталушы «К» қалтасынан пышақ шығарып, 6 соққы жасаған.

Нәтижесінде, жәбірленуші ауруханада қайтыс болған.

 Сотталушыға жаза тағайындау барысында сот, ҚК-тің 53-бабының талаптарына сәйкес, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның жас балаларының болуын ескерді.    

Ауырлататын мән-жайлар ретінде қылмыстың қауіпті қайталануын таныды.

Алқабилердің кесімімен сотталушы «К» ҚК-тің 99-бабының 2-бөлігі, 9)-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған түпкілікті 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары