Бразилияның Жуан-Песоа қаласындағы Арруда-Камара (Бика) зооботаникалық паркінде ер адам қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жас жігіт арыстан қамалған қоршауға шығып, зообақ ішінде тұрған ағашпен сырғып төмен түскен.
Қайтыс болған адамның аты-жөні жарияланған жоқ. Қызметкерлер оны тоқтатуға тырысқанымен, нәтиже болмаған.
Әлеуметтік желілерде тараған видеода арыстанның ер адамға шабуыл жасағаны көрінеді.
Оқиғадан кейін парк тергеу жүргізу үшін уақытша жабылды. Билік марқұмның отбасына көңіл айтты. Әкімдік парктегі қауіпсіздік талапқа сай екенін, ал оқиға ережені қасақана бұзу салдарынан болғанын атап өтті.
Әкімдік мәліметінше, арыстан қатты күйзеліске түскен. Алдағы күндері жануар қосымша тексеруден өтеді.
Зообақ тергеу аяқталғанға дейін жабық болады.