Шай мен кофе жүрекке пайдалы болуы мүмкін – зерттеу

/
Шай мен кофе жүрекке пайдалы болуы мүмкін – зерттеу
сурет: istockphoto.com

Шай, кофе, жидектер, жаңғақтар, какао, тұтас дәнді дақылдар мен зәйтүн майы сияқты полифенолға бай өнімдерді диетаға жиі қосу жүрек-қан тамырлары жүйесіне ұзақ мерзімді пайда әкелуі мүмкін. Мұндай қорытындыға Лондондағы Корольдік колледж ғалымдары келген, зерттеу нәтижелері BMC Medicine журналында жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ғалымдар он жылдан астам уақыт бойы TwinsUK когортасының 3,1 мың қатысушысын бақылаған. Полифенолға бай тағамдарды үнемі тұтынған адамдарда қан қысымы мен холестерин деңгейі жақсарып, жүрек-тамыр ауруларының болжамдық қауіпі төмендегені анықталды. Зерттеушілер алғаш рет бұл деректерді зәрдегі полифенол метаболиттерімен салыстырған, бұл заттар организмде полифенол ыдыраған кезде пайда болады.

Профессор Ана Родригес-Матеос атап өткендей, тіпті аздап болса да тұрақты түрде рационды жақсарту мысалы, жидектерді, жаңғақтарды немесе шайды жиірек тұтыну айтарлықтай пайдасын тигізеді. Зерттеудің жетекші авторы доктор Юн Ли мұндай тәсіл көп адамдарға қолжетімді екенін, себебі ол күнделікті қолжетімді әрі қарапайым өнімдерге негізделгенін айтты.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары