Қарағанды облысында жасырын есірткі зертханасы жойылды

/
Қарағанды облысында жасырын есірткі зертханасы жойылды
ҰҚК

Қарағанды облысында жасырын есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

26 ақпанда Қарағанды облысы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өңір аумағында синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан жасырын есірткі зертханасының қызметін тоқтатты.

Жедел іс-шаралар барысында күдікті ұсталды. Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде дайын есірткі заты мен прекурсорлар құйылған канистрлер, түрлі жабдықтар және химиялық реагенттер тәркіленді.

Жалпы алғанда 40 келі дайын есірткі және шамамен 5 тонна прекурсордың заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді. Олардың құны 2 млн АҚШ долларынан асады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті Telegram-арналардың бірінің кураторымен байланыста болған. Ал дайын өнімді облыс аумағында таратуды көздеген. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасуда. Прекурсорларды жеткізу арналары анықтап жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары