Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.
2026 жылғы 28 ақпан сағат 23:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты жүк және қоғамдық көліктерге, сондай-ақ дизель отынымен жүретін автокөліктерге бірқатар республикалық автожолдарда қозғалыс шектеуі енгізіледі, - делінген хабарламада.
Ақмола облысы
«Көкшетау – Рузаевка» автожолы, 0-61 км (Көкшетау қаласы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);
«Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы» автожолы, 2-50 км (Көкшетау қаласы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);
«Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолы, 304-341 км (Көкшетау қаласы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);
«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолы, 346-407 км (Жақсы ауылы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы).
Қостанай облысы
«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолы, 682-729 км (Сарыкөл кенті – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);
«Қостанай – Мамлютка» автожолы, 180-250 км (Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы – Ұзынкөл кенті).
Солтүстік Қазақстан облысы
«Астана – Көкшетау (айналма жол арқылы) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа жол БӨП)» автожолы, 341-473 км, 492-522 км (Ақмола облысы шекарасынан – Бескөл ауылы – РФ шекарасына дейін);
«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы (Қайрақ БӨП)» автожолы, 729-856 км (Қостанай облысы шекарасынан – Ақмола облысы шекарасына дейін);
«Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы, 595-946 км (Ақмола облысы шекарасынан Бескөл ауылына дейін);
«Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы (Бидайық БӨП)» автожолы, 50-280 км (Ақмола облысы шекарасынан – РФ шекарасына дейін);
«Көкшетау – Рузаевка» автожолы, 61-196 км (Ақмола облысы шекарасынан Рузаевка ауылына дейін);
«Қостанай – Мамлютка» автожолы, 226-406 км (Қостанай облысы шекарасынан Мамлютка қаласына дейін);
«Петропавл – Соколовка – РФ шекарасы (Қызыл Жар БӨП)» автожолы, 11-73 км (Петропавл қаласынан РФ шекарасына дейін);
«Петерфельд – Архангельское – Новокаменка – Жезқазған – Арқалық – Петропавл автожолына шығу», 0-31 км (Петерфельд ауылынан Новокаменка ауылына дейін);
«Булаево – Возвышенка – Молодогвардейское – Кирово – Киялы – Рощинское» автожолы, 0-228 км (Булаево қаласынан Рощинское ауылына дейін);
«Рощинское – Корнеевка – Волошинка» автожолы, 0-87 км (Рощинское ауылынан – Волошинка ауылына дейін);
«Волошинка – Сергеевка – Тимирязево» автожолы, 0-119 км (Волошинка ауылынан Тимирязево ауылына дейін);
«Қарасай батыр мемориалдық кешеніне кіреберіс» автожолы, 0-24 км;
«Тимирязево – Сарыкөл – Қостанай облысы шекарасы» автожолы, 0-32 км (Тимирязево ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін);
«РФ шекарасы (Қарақоға БӨП) – Петропавл» автожолы, 0-120 км (РФ шекарасынан Петропавл қаласына дейін).
Жол қозғалысын қайта ашу 2026 жылғы 1 наурыз сағат 09:00-ге жоспарланған.
Жүргізушілерге жолға шығар алдында ауа райы болжамын және жолдардың жағдайын нақтылап алуға кеңес берді.