Ақмола облысында полицейлер 24 млн теңге ұрлаған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қылмыс туралы арыз 20 қарашада Аршалы аудандық полиция бөліміне түскен. Жергілікті кәсіпкердің айтуынша, белгісіз тұлғалар оның салонында 24 миллион теңге болған Mercedes-Benz автокөлігін айдап әкеткен.
Іздестіру нәтижесінде оқиғаға қатысы бар адамдар анықталды. Үш күннен кейін Аршалы ауданының аумағында полицейлер Қызылорда облысының екі тумасы — 27 және 29 жастағы ер адамдарды ұстады.
Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдіктілер қамауға алынды. Тергеу аясында полицейлер мән-жайларды анықтауда, сондай-ақ ұсталғандардың басқа да осындай қылмыстарға қатысы болуын анықтап жатыр.