Нью-Йорктегі Sotheby's аукционында нидерландтық суретші Винсент Ван Гогтің «Стопки парижских романов и розы в стакане» атты картинасы 62,7 млн долларға сатылды. Бұл туралы ANP агенттігі жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ақпаратқа сәйкес, шығарманы өнертанушы Пэтти Вонг сатып алған. Сауда нәтижесі алдын ала қойылған бағадан 35% жоғары болды. Аукционға дейін Амстердамдағы Ван Гог мұражайының сарапшылары жұмысты мұқият зерттеп, оның түпнұсқа екенін растаған.
Ван Гог бұл картинаны 1887 жылдың қараша-желтоқсан айларында Парижде салған. Сол уақытта ол ағасы Теомен бірге тұрған және француз өнерінен қатты әсер алған кезеңі болатын.
19 қарашада Нью-Йоркте австриялық суретші Густав Климттің «Портрет Элизабет Ледерер» атты картинасы 236,4 млн долларға сатылған еді. Sotheby's мәліметінше, ол қазіргі өнер сегментіндегі тарихтағы ең қымбат лот болды. Полотнода суретшінің меценаттарын қолдаған бай отбасының қызы Элизабет Ледерер бейнеленген.
Бұған дейін бар болғаны 50 долларға сатып алынған картина Ван Гогтің жоғалған жұмысы болуы мүмкін екені хабарланған еді.