Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына жолдама алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жартылай финалда Ризабек Бахрейн атынан сынға түсетін Олимпиада чемпионы Ахмед Тажудиновты айқын басымдықпен жеңді.
Финалға шығу үшін өткен белдесу 15:3 есебімен Айтмұханның пайдасына аяқталды.
Осылайша, қазақстандық спортшы 97 келі салмақта финалға өтті.