Береке ықшамауданында ер адам жалаңаш көше аралап жүргені туралы желіде видео тарады, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Ақжайыққа сілтеме жасап.
Бейнежазба авторы ер адамның "ақыл-есі дұрыс емес" болуы мүмкін деп болжап, құқық қорғау органдарынан жағдайға назар аударуды сұрайды.
Атырау облысының полиция департаменті қоғамдық орында жалаңаш жүрген 1964 жылы туған құқық бұзушыны дереу ұстап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік хаттама толтырғанын хабарлады. Ер адам уақытша ұстау орнына қамалды.
Сонымен қатар, бұл азаматтың профилактикалық және медициналық есепте тұрмайтыны анықталды.
Атырау облысының полиция департаменті азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және айналасындағыларға құрметпен қарауға шақырады.