Атыраудағы Береке шағын ауданының тұрғындары полицияға іш киімсіз аулада жүрген ер адам туралы хабарлаған , деп хабарлайды turkystan.kz.
Atyrauoil.official басылымының хабарлауынша, куәгерлердің айтуынша, ер адам қоғамдық тәртіпті бұзғанымен, өзін адекватты ұстаған.
"Біз балаларымыз үшін қорқамыз. Ол кез келген уақытта пайда болуы мүмкін, әрі оның өзін қалай ұстайтынын ешкім білмейді", – дейді тұрғындардың бірі.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі қоғамдық орында киімсіз жүрген 1964 жылғы құқық бұзушының ұсталғанын мәлімдеді.
"Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ер адам уақытша ұстауға арналған арнайы орынға қамалды", - делінген полиция таратқан хабарламада.
Анықталғандай, бұл азамат профилактикалық және медициналық есепте тұрмайды.