Конго Демократиялық Республикасының оңтүстік-шығысында Лоалаба провинциясындағы кобальт кен орнында қолдан жасалған көпірдің опырылып құлауынан кем дегенде 32 шахтер қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.
AFP агенттігі жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлағандай, қайғылы жағдай 15 қарашада аймақта нөсер жауыннан кейін лай көшкіні жүрген кезде болған.
Провинцияның ішкі істер министрі Рой Каумба Майонде іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатқанын және қаза тапқандар саны артуы мүмкін екенін мәлімдеді. Луалаба губернаторы Фифи Массука да RFI-ге берген пікірінде қаза болғандар туралы мәліметтер нақтыланып жатқанын айтты. Шахтерлер қауымдастығы 49 адам қаза болуы мүмкін екенін және ондаған адамның жоғалып кеткенін хабарлады.