«Таза Қазақстан»: Жаркентте 7 000 көшет отырғызылды

«Таза Қазақстан»: Жаркентте 7 000 көшет отырғызылды

Биыл «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауданның 5 елді мекенінде 5 балалар мен спорт алаңдарын салу жүзеге асырылды.

Сонымен қатар, көшелерді жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүргізілді. Мәселен, 6 ауылда жалпы ұзындығы 15,2 шақырымды құрайтын 8 көшеге 452 жарық шамының тірегі орнатылды (187,1 млн. теңге, Надек, Үшарал, Ақжазық, Алмалы, Әулиеағаш, Жаркент-Арасан ауылдары).

Жаркент қаласында арбат салу жұмыстарын бастауға 260,3 млн.теңге бөлінді. «Жаркент Мешіті» сәулет-көркем өнері музейінің алдына абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жібек жолы- Масанчи көшелерінің бойында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, 2026 жылдың наурыз айында қолданысқа беріледі.

Жаркент қаласында көпқабатты 4 үйдің (Көшкінов №1, Головацкий №1, Сыпатаев №231, №233) ауласына 50,0 млн.теңгеге ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Атамекен ауылындағы орталық саябаққа ағымдағы жөндеу жүргізілуде, ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін жұмыстары аяқталады (17,6 млн.теңге).

Аудан аумағында «Таза Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жалпы аудандық сенбіліктер өтуде, 27 540 адам, 270 бірлік арнайы техника жұмылдырылып, 1923 тонна қалдық (қоқыс) шығарылды.

Жыл басынан бері көктемгі және күзгі маусымдарда аудан аумағында 13 500 түп (9000 жапырақты, 4500 қылқан жапырақты) ағаш көшеттері отырғызылды.

Бүгін Жаркент қаласынан Талды ауылына баратын жолдың 0-4 км аралығына ағаш көшеттерін отырғызу үшін арнайы орындар дайындалып, 7000 ағаш көшеттері отырғызылды, оның ішінде 500 қылқан жапырақты ағаш көшеттері.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары