Таиланд туристерге қоятын талабын қатаңдатып жатыр

/
Таиланд туристерге қоятын талабын қатаңдатып жатыр
сурет: istockphoto.com

Таиланд билігі елге жиі келіп, ұзақ уақыт тұрып кететін шетелдік туристерге қатысты жаңа ережелер енгізді. Енді шекарадан өту кезінде мұндай адамдар қатаң тексеріледі, деп хабарлайды turkystan.kz tourdom.ru-ға сілтеме жасап.

Миграциялық қызметтің хабарлауынша, әсіресе «шығып, қайта кіру» тәсілін жиі қолданатын шетелдіктер ерекше назарға алынады. Бұл схема бойынша адам елден шығып, қайта кіріп, визасыз елде қалу мерзімін «нөлге теңестіреді». Көп жағдайда мұндай туристер Тайландта 2-3 айға дейін жүреді.

Енді егер шетелдік азамат екі немесе одан да көп рет осылайша ұзақ уақыт бойы түсініксіз себеппен елде болғаны анықталса, иммиграциялық офицерлер оған қайта кіруге тыйым салып, сапарының нақты мақсатына сай виза рәсімдеуді ұсына алады.

Жаңа талаптар ішкі миграциялық кеңселерге де қатысты. Енді олар шетелдіктердің уақытша тұру мерзімін ұзарту өтініштерін мұқият тексереді. 

Иммиграциялық полиция өкілі жаңа шаралар әуежайдағы паспорттық бақылау уақытын сәл ұзартауы мүмкін екенін, бірақ күту уақыты 40 минуттан аспайтынын мәлімдеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары