Ақтауда салық төлемеген азаматтың автокөлігі тәркіленді

/
Ақтауда салық төлемеген азаматтың автокөлігі тәркіленді
istockphoto.com

Ақтауда көлік салығы бойынша қарыздары бар тұрғындарға қатысты рейдтік іс-шаралар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тексеру кезінде өз міндеттемелерін орындамаған бір қала тұрғынының көлігі айып тұрағына қойылды.

— Рейдтің басты мақсаты — көлік салығы мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша қарыздары бар азаматтарды анықтау және салық түсімдерінің толық түсуін қамтамасыз ету, — деді Маңғыстау облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы іздестіру тобының инспекторы, полиция майоры Өмірбек Мұхамбетқалиев.

2025 жылғы 30 қазан жағдайы бойынша Ақтауда 9336 автокөлік иесі есепте тұрған, олардың жалпы қарызы 686 млн теңгеден асады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары