Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір АҚШ долларының орташа бағамы 526,02 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,55 теңгеге төмен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің 7 қарашаға арналған ресми доллар бағамы – 526,79 теңге.
Kurs.kz сайтының дерегінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 526,58 теңге, сату бағамы – 528,29 теңге.
Астанада айырбастау пункттері долларды орташа есеппен 523,68 теңгеден сатып алып, 530,67 теңгеден сатады.
Шымкенттегі айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 526,7 теңге, сату бағамы – 528,83 теңге.
Еске сала кетсек, 3 қарашадағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,65 теңгеге төмендеген, 4 қарашада – 5,42 теңгеге төмендеген, 5 қарашада – 2,2 теңгеге, ал 6 қарашада – 1,71 теңгеге көтерілген