15 жастағы Жұлдызай Мұсағалиева 24 қазан күні Құлсарыдағы үйінен сағат 22:00 шамасында шығып кеткен. 29 қазан күні оны Атыраудың автовокзалынан танысы күтіп алған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жасөспірім Ақтөбеден табылды. Оның денсаулығы мен өміріне қауіп жоқ.
Аталған факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.
Жылыой ауданының полициясы ата-аналардан балаларын бақылауды сұрайды.