Apple компаниясы келесі жылы нарыққа бұрын-соңды болмаған арзан MacBook үлгісін ұсынбақ. Бағасы шамамен $600 болатын ноутбук iPhone-дағы жаңа чиппен жұмыс істейді және өнімділігі алғашқы M1 жүйелі MacBook-тардан да жоғары болады, деп хабарлайды turkystan.kz Bloomberg-ке сілтеме жасап.
Жаңа құрылғы 2026 жылдың басында таныстырылуы мүмкін. Сарапшылардың айтуынша, бұл ноутбук оқу мен кеңсеге арналған: интернет, мәтін теру және бейнежұмыстарға оңтайлы.
Apple әдетте премиум-сегментке бағытталғанымен, бұл жолы компания Chromebook және арзан Windows-ноутбуктарымен тікелей бәсекеге түспек. Құрылғының экраны қазіргі MacBook Air үлгісінен сәл кішірек, ал панелі LCD форматында болады.