Астанада полицейлер футбол алаңындағы ұрлықтың бетін ашты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Футбол ойнайтын кезде жасөспірімдер жеке заттарын футбол алаңында қалдырып кеткен. Осы сәтті пайдаланып, 24 жастағы қала тұрғыны жасөспірімдердің жеке заттарына қол сұққан. Күдікті спорт алаңы бейнебақылау жүйесімен қамтылмағанын біліп, жасөспірімдердің бірінің қымбат смартфонын ұрлап кеткен.
Полицейлердің жедел іс-қимылының арқасында күдіктінің жеке басы анықталды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, оның басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Полиция азаматтарға белсенді демалыс кезінде телефон, әмиян және басқа да бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды ескертеді. Мүлікке ұқыпты қарау — ұрлықтың алдын алудың кепілі.