Қаражат республикалық бюджетке трансферт жасауға және «Талдықорған–Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысын қаржыландыруға бағытталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өткен айда Ұлттық Банк валюта нарығында мынадай операциялар жүргізді:
- Ұлттық қордан сатылған қаражат көлемі жалпы сауда көлемінің 11%-ын құрады (күніне шамамен $30 млн).
- 475 млрд теңге айналау операциялары аясында стерилизацияланды. Қараша айында осы мақсатқа 475 млрд теңге көлемінде валюта сатылады деп күтілуде.
- $279 млн квазимемлекеттік компанияларға міндетті норма аясында сатылды.
- Ұлттық Банк валюталық интервенциялар жүргізген жоқ.
Қараша айында Ұлттық қордан $600–700 млн көлемінде валюта сату жоспарда бар.